Осылайша 2016 жылдың жазында Қазақстанда тағы бір жас оппозиционер пайда болды. Алайда Акинфеевтің өзі елдегі саясаттан бейхабар еді, себебі Әблязовті де,
Айдос Садықовты да, Динара Смаилованы да, оның киевтік
Жанара Ахметін де қолдап жүрді.
Вадим Акинфеев Дулат Ағаділдің өліміне қатты уайымдады. Бұл уайымы кейінірек оның оппозициялық фантазиясында көрініс тапты. Мұны кейірінек айтармыз.
Жалпы алғанда, Акинфеевті аға-серіктестері азаматтық белсенділікке тартты. Балалар үйін, үйін, түрмені ғана көрген адам шытырман оқиғалар ортасында қалып қойды. Ештеңені түсінбегенімен қоймай, әлеуметтік желілерде жазбаларын боратты.
Мысалы мына жазбасында ол Козловпен бірге түрмедегі жағдайын, ондағы
қинау туралы әңгімелеген. Мына жерде майонез шелегінен зәр ішуі туралы айтып, танылған «
ар-ұят құрбаны» Айгүл Өтепова туралы айтады. Ал мына жерде украиналық билікке Жанара Ахметті экстрадицияламау туралы
үндеуге қол қойып жатыр.
Сонымен қатар, Вадим Акинфеев азаматтық белсенділердің
қиын өмірі туралы сұхбат берген. Оның сөзінше, ол мұны көптеген белсенді «ойдан шығарылған айыптаулар мен қасақана жасалған әрекеттен шабуылға ұшырап, қысымға ұшырап, қамауға алынып жатқанда» түсінген.
Шабуылға келсек. 2017 жылдың тамызында Вадим Акинфеевті белгісіз біреу Астананың көңіл көтеру мекемелерінің бірінде оңдырмай ұрып-соғып кеткен. Оның айтуынша, өткен-кеткен жұрт оған көмектеспеген.