Айдос Садықов

Жалпы мәлімет

Жалпы мәлімет

Қуғындағы оппозиционер, қуғындағы тағы бір оппозиционер Наталья Садықованың күйеуі.

«Жындыханадан» кейін — оппозицияға

«Жындыханадан» кейін — оппозицияға

Қазақстандық оппозицияның, әсіресе шетелде жүргендерінің бірнеше ортақ ерекшелігі бар: бұрынғы қылмыстары, саяси байланыстарындағы шатасу және жүргізіп отырған «күреске» тым қатты сенетіні. Осы үш ерекшелік Айдос Садықовтың бойында бар.

Оппозицияға 1999 жылдан бастап келген, ол кезде мас күйде даяшыға шанышқы лақтырған. Бұл наразылығы бәріне бірдей ұнай қойған жоқ: Садықов психиатрлық клиникаға жатқызылды.

2000-жылдардың басында Садықов Жасарал Қуанышалинмен байланыса бастады. 2003 жылы Қуанышалин барлық мемсыйлықтан бас тартып, Ақтөбедегі Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы басшысы қызметінен кетіп, оппозиция қатарына оралған.

Айдос Садықов арқылы Қуанышалин Ақтөбе облысының сол кездегі әкімі Ермек Имантаевты «қирата» бастады.
Анықтама: Жасарал Қуанышалин – оппозиционер, «Жаса, Азаттық!» бірлестігінің лидері.

1990 жылдардың ортасында Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. 2006 жылы Президенттің абыройы мен қадір-қасиетіне қолсұғушылық жасады деп айыпталып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды, сот залында рақымшылық жасау арқылы босатылды.

2010 жылы Жасарал Қуанышалин 2012 жылғы сайлауда Президенттікке үміткер болатынын мәлімдеді. Сол кезде тіркелмеген «Алға!» лидері Владимир Козлов та ниет білдірді. Осыдан кейін оған Козловқа ұлты орыс болғандықтан президенттікке үміткер болуға құқығы жоқ деп мәлімдеген қазақ ұлтшылдарының бір тобы шабуыл жасады.
Дәл осы кезеңде оппозициялық газетте Айдос Садықовтың авторлығымен «Незаурядный трюк» деген мақала жарияланады. Мақалада ол Ақтөбе әкімінің бұрынғы орынбасары Глеб Щегельскийді және Ақтөбе облысы әкімінің экс-орынбасары Олег Химчукты қылмысқа қатысы бар деп айыптайды.

2005 жылы Айдос Садықовтың саяси қызметі партиялық деңгейге шығады. «Ақ жол» партиясы бөлінгеннен кейін Садықов жаңадан құрылған «Нағыз Ақ жол» партиясының Ақтөбе филиалының басшысы болды. Бірақ Садықов партияластарымен ортақ тіл табыса алмай, 2007 жылғы парламенттік сайлауы қарсаңында «Нағыз Ақ жол» партиясының Жалпыұлттық социал-демократиялық партиямен бірлестігін сынай бастады.

Парламенттік сайлаудағы сәтсіздіктен кейін «Нағыз Ақ жол» партиясы қайтадан әлсіреп қалды, көп ұзамай ол өз атауын «Азат» деп өзгертіп, ребрендинг жасады.

2009 жылы Жармахан Тұяқбай мен Болат Әбілов осымен екінші рет партияларын біріктіруді ұйғарады. Айдос Садықовтың пікірінше, «Азат» және ЖСДП партиялары біріккеннен кейін партияны «басқарылмайтын элементтерден» тазарту туралы жасырын шешім қабылданған. Садықовтың айтуынша, ол Жармахан Тұяқбай мен Болат Әбілов арылуға асыққан өңірлік көшбасшылардың алғашқысы болған.

Сол жылдың 29 сәуірінде облыстық партия конференциясында Айдос Садықов «Азат» ХДП Ақтөбе филиалының төрағасы қызметінен босатылды. Осыдан кейін ол өзінің наразылық мәлімдемесін партияның Орталық басшылығын қатты сынға алды.
«Бұл партия билікке демократияның көрінісін жасау үшін қажет. "Азат" ХДП – биліктің бақылауындағы партия. Бұған біз өз көзімізбен куә болдық. Президент Назарбаевқа дәл осындай оппозиция керек, ол сайлау арасында Үкіметті сынға алып, оған қол тигізбеуі, рұқсат етілмеген митингілер ұйымдастырмауы және оларға шықпауы, адамдарды бірігуге және өз құқықтарын қорғауға үйретпеуі керек. Осындай әлсіз әрі қорқақ оппозиция», — деп мәлімдеді Айдос Садықов.

Жас оппозиционердің энергиясы бойына сыймай жүрген еді: Садықов «Гастат» наразылық қозғалысын құрып, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» мұнайөндіруші қытайлық кәсіпорындарынжа тәуелсіз кәсіподақтар құрумен белсенді айналысты.

Бірақ қызуқандылығының кесірінен Айдос Садықов 2010 жылы сот алдына келді. 27 мамырда ол Мусенов деген азаматты ұрып-соғып, денсаулығына жеңіл жарақат салған. Ер адам үйінің маңынан өтіп бара жатып, қалтасынан телефонын ала бергенде иығымен бейтаныс адамды байқамай қағып кеткенін айтты. Арада жанжал шығып, Садықов жәбірленушіні жатқырып алып, ұра бастаған. Ал оқиға орнына жеткен полицейлерге Айдос Садықов қарсылық көрсеткен. Өзіне жарақат салу үшін шынтағымен жер ұрған. Полицейлер оппозиционерді кісендеп, полицияға жеткізген.

Айдос Садықов өз кінәсін мойындамады. Оның айтуынша, ол арандатушылардың құрбаны болған. Садықов сотта «арандатуға» қалай жауап беру керегін де түсіндірді, оның айтуынша, ең дұрысы бәрін камераға түсіріп алуы керек.

Сот Айдос Садықовты 2 жылға бас бостандығынан айырды. 2012 жылдың сәуірінде Садықов рақымшылықпен бостандыққа шығып, сұхбат бере бастады. Онда ол түрмеге тоғытылғаны, ондағы жағдай, қылмыс серкелерімен байланысы және әйелі — журналист Наталья Ещеновамен кездесе алмағаны туралы баяндаған. Сөйтсек, бұл сөзі расталмай, әйелі жүкті болып шыққан, тіпті «оппозиционерлердің түрмеде отырып көбейе беретіні» туралы әзілдегені де белгілі болды.

Қазақстан журналистикасындағы Бони мен Клайд

Қазақстан журналистикасындағы Бони мен Клайд

Садықовтың әйелі Наталья туралы бөлек әңгімелеуміз керек. «Желтоқсаншының әйелі» болғанға дейін Ақтөбе облысы ІІД қызметкері Иванов деген біреумен некеде болған. Журналист пен полицейдің некелесу күнінде парламенттік сайлау өтіп жатқан, сондықтан жас жұп АХАЖ-ға да, сайлау учаскесіне де барған.

Жас отбасының шырқы Наталья Айдоспен танысқанда бұзылған. Полицей күйеуі көзіне шөп салған әйелін кешірмей, үйінен қуып шыққан, ал Айдос оны күтпеген де, ол өзгелермен байланыста болған. Осылайша Наталья сүйіктісі үшін күресуге мәжбүр болады, ақыры соңында «Садықов» фамилиясын «жеңіп алады».
Наталья Садықова журналист ретінде Ирина Петрушованың үнемі атауын өзгерте беретін басылымында жұмыс істеген. Бірақ газеттің жазары өзгермеген Мұхтар Әблязов қаржыландырған басылымда Петрушова парақшаларында компромат немесе өсекке құрылған мақала жариялап отырған. Сондай мақалалардың бірі үшін Садықованың үстінен Парламенттің бұрынғы депутаты, бизнесмен Марал Итеғұловтан арыз түскен. Журналист 3 эылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді.

2014 жылдың наурыз айының басында Наталья Садықова өзіне қатысты қамауға алуға ордер дайындалып жатқанын біледі. 9 наурызда ол балалары мен күйеуі Айдос Садықовпен бірге Қазақстан шекарасынан асып, Киевке көшіп кетеді. Украина астанасына жеткен соң ғана Садықовтар жұбы саяси қудалау туралы хабар тарата бастайды, Әблязовпен «достасып», «Басе» арнасын ашады.

Алайда Садықовтардың Мұхтар Әблязовпен байланысы ұзаққа созылмайды. Оның екі себебі бар. Біріншісі – экс-банкирдің шық берместігі, үнемдегені соншалық, айлығын бермей қойған. Ақыр соңында Наталья да төлемсіз қалады.

Ал Айдос сол кезде Киевке көшіп барған Жанара Ахметтің шабуылына ұшырады. Садықов Ахметтің алаяқтыққа «бір иығын беріп тұратынын» бірден аңғарып, жоламау керегін түсінеді.

Ахмет жағдайы нашарлап жатқанын байқап, Садықовқа қарсы лас ойын жүзеге асыра бастайды: Садықовты Париждегі «оппозиция лидерімен» қарсы қояды. 2018 жылы Әблязов пен Садықовтардың жолы қаққа айырылады.

Айдос болса ақша үшін емес, идея үшін жұмыс істегенін айтып, намысы барын көрсеткендей болған, бірақ ақырында банкирді өтірікші және екіжүзді деп айыптай бастады. Бұл сөзі ешкімге Америка ашқандай әсер қалдырмады.

Арамдардың ішіндегі ең адалы

Арамдардың ішіндегі ең адалы

Садықовтың өзі популистік мәлімдемелерімен Әблязовтің ар жақ-бері жағы еді. Украинада жүрген Садықов Қазақстан тумаларының атынан украин арнасында Украина президентіне үндеу жасап, путиндік режимге қарсы соғысуды сұрады.

Украиналық «ТВi» арнасында «На Донбасс рвется воевать Интернациональный батальон» тақырыбымен видео жарияланды. Диктор түрлі елдің өкілдері: Қазақстан, Әзербайжан, Қырым татарлары — майданға аттанып, Украина тәуелсіздігі үшін күресуге, «Интернационал батальон» құруға дайын екенін айтады, сонымен қатар Порошенкодан қарулы қақтығыстарға қатысуға рұқсат сұрайды.

Ал бір кездері Садықовтардың «арты таза емес екенін» тіпті Жанар Ахметтің өзі айтқан. 2019 жылдың ақпанында «Нұр Отан» партиясы съезіндегі тақырыпты талқылау аясында ол Айдос пен Натальяны «Бәсе» арнасында ҚДТ өкілдерінің жария акцияларының видеожазбаларын қолданады, бірақ өз логотипін қояды деп айыптады. Осылайша партияластардың интеллектуалдық меншігі Садықовтарға өтеді екен. Ахмет бұл видеожазбаларды «Бәсе» арнасында ғана көрсетілгендіктен видеоны барынша тарату мүмкіндігінен айырылдық деп жар салған.
«Көп күшіміз бен уақытымызды жұмсадық, үлкен инфрақұрылым жасадық, режим әрекетін сараптап, әшкере етеміз. Жақтастарымызды үйретіп, қорғаймыз. Бұл видео – көптеген адамның еңбегі. Бірінші кезекте – ҚДТ белсенділерінің, штабымыздың, ұяшықтарымыздың. Біздің видеожазбаларымызға белгі қойсаңыздар, ол «Бәсе» иелігіне өтіп кетеді. Сосын оны ешкім қолдана алмайды. Біздің арна Наталья Садықовадан «біздің» видеоны қолданғанымыз үшін шағым келіп түсті», — деп жазды фейсбук-парақшасында Ахмет.

Айдос Садықов көп сөз айтпай, эмоцияға берілмей, Әблязовтің жақтастарын өз жазбасында «әңгүдіктер» деп қана атады.

Контент дамыту мәселесінде Садықовтар шын мәнінде жаңашыл болып шықты. «Бәсе» арнасы өз ресурстарын танымал ету үшін таргеттелген жарнама қолданды. Видеолары дәл осылай көп қаралым пен пікір жинайды. Садықовтар «Бәсе» арнасын қолданушылардың белсенділігі арқасында монетизация алып, пайда тапқысы келді. Сондықтан жалған ақпараттарды, айғайлаған тақырыптарды қоятын болды. Алайда «Бәсе» авторлары контент жасауда аса еңбек ете қоймайды, бар болғаны әлдекімдер аты-жөнсіз таратқан, Whatsapp-та тарап жүрген, анонимдер фейсбукте жариялайтын видеоларды қолданады немесе «Азаттық» тікелей эфирлерін пайдаланады.

Айдос Садықов өз туралы көтерілісті деп сипаттағанды жақсы көреді. 2019 жылы берген сұхбаттарының бірінде ол былай деген:
«Оппозицияны кім қаржыландыратыны туралы сұрақ ештеңе ұқпайтындарды мазалайды. Қаржысыз, қолдаушысыз ештеңе де қолыңнан келмейді деп миына құйып тастаған. Сондықтан осы сұрақты көп адам пікірде қойып жатады, өз ойларын айтып жатады. Белгілі бір олигархтың қолшоқпары» немесе «Әблязовтің жұмысшылары» деп өсек айта береді. Ақшасыз да мәселе шешуге болатынын көбі түсіне бермейді.

Бәрі де идеядан, ұстанымнан басталады, ал ақша оппозициямен айналысатындар үшін екінші орындағы нәрсе, кейде болады, ал көп жағдайда ақшасыз жүреміз. Макс Боқаевқа немесе Арон Атабекке қанша ақша берді деп ойланып көріңіздер. Олар түрмеде отыр, қаласа кез келген уақытта бостандыққа шыға алады, ақшасын ала алатын болса неге шықпай жатыр? Істемегенін істедім деп неге айтпайды? Мәселе ұстанымда, олар ұстанымы ақшадан, бостандықтан және тіпті өмірінен құнды деп есептейді. Өзім де саяси тұтқын болдым, ақша, бостандық ұсынғандар болды, оппозициядан кет деді. Бірақ мен мұндай бостандықтан гөрі түрмені таңдадым».

Садықов Қазақстанда көтеріліс болса дейді. Осыдан кейін ғана Садықов Қазақстанға орала аламын дейді.

Бірақ Айдос идеясын іске асыру үшін мықты «серіктес» тапты десек өтірік болар: ол Жанболат Мамай кейінгі ұйымдастырған барлық митингіні моральдық және ақпараттық түрде қолдап жүр. Бірақ бәрі де бірдей сценариймен өтеді: арнайы қызмет шерушілерді қоршайды, суық пен күш көрсетуге шағым түсіру, кешке компьютер алдындағы ыстық шай. Кейінгі шеруде мамайлықтар полицейдер рупорды қайтаруды сұрады – керек зат, ал жаңасын алуға бюджетте қаражат қарастырылмаған.