Бүгінде Жанара Ахмет Киевте тұрып жатыр, мәнті түйіп сатады: ҚДТ-дағы бұрынғы басшысы
Мұхтар Әблязовпен жанжалынан кейін оның күн көретін жағдайы жоқ. Ал бір кездері ол өзін тәуелсіз журналист деп атайтын, бірақ БАҚ-та бірде-бір күн жұмыс істеп көрмеген.
Шынтуайтына келгенде, Жанара Ахмет — қарапайым алайық, қылмыстары сотта дәлелденген. Ол соттан қашып, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекарадан заңсыз өтіп жүргенінде ғажайып бір себеппен оппозиционер болып кетті.
2005 жылғы наурыздан 2008 жылғы қазанға дейін Жанар Ботайқызы азаматтардан алдау жолымен 50 млн тг астам қаражатты иеленіп алған. Ол біреуге сатып алу үшін қолайлы пәтер табуға уәде берген, ал біреуге банктік несие мәселесін шешуге уәде берген, ал біреуден жай ғана қарызға алған.
Ахмет әрекеттерінен зардап шеккендердің бірі — Фарида Батырбаева. Өкінішке қарай, ол өз ақшасын қайтара алмады. Бұл аз болғандай, алаяқ Ахмет соңында Батырбаеваны «тапсырысты орындады» деп айыптады