Шынында да, жас заңгердің мансап жолы гиперболалық өлшеммен өсті, дегенмен оның білімі несие қызметіне еш қатысы жоқ. Бірақ БТА қызметкерлері қайратты әрі мақсатына берік Ботагөздің жетістігінің құпиясы неде екенін білді: Жәрдемәлі мен
Әблязовтің қарым-қатынасы тез арада «жақсарып кетті». Жәрдемәлі банкирдің екінші әйелі болды деген қауесет тарады.
Қайтсе де, Әбілязовтің адал серігі тек жұмыс істеріне ғана емес, сонымен қатар алаяқтық схемаларды жасауға да кірісті.
Ботагөз Жәрдемілі Әблязовтің тапсырмасы бойынша шетелде инвестициялық жобалармен айналысатын офшорлық компанияларды тіркеді. 2005-2009 жылдар аралығында Әблязов бақылаудағы офшорлық компанияларға несиелерді заңсыз беру арқылы банктен миллиардтаған доллар алып шықты. Бірқатар заңсыз инвестициялық жобаға жетекшілік еткен Жәрдемәлі банктің несие комитетінің оң шешімдерін қабылдауға әсер етті.
2006 жылғы маусымнан 2008 жылғы қыркүйекке дейінгі кезеңде банк пен Rudnick Consolidated Inc компаниясы арасындағы Бас кредиттік келісім аясында кредиттік комитеттің заңсыз қабылдаған шешімдері негізінде төрт несие шарты жасалды, олар бойынша қарыз алушыға жалпы сомасы $18 млн-ға жуық қаражат заңсыз аударылды.
2006 жылдың сәуірінен бастап 2009 жылдың қаңтарына дейін «АФД» ЖШС-мен 81 кредиттік шарт жасалды, ол бойынша қарыз алушыға жалпы сомасы 3 млрд теңгеге жуық және $87 млн ақша қаражаты заңсыз аударылды.
2006 жылғы қазаннан бастап 2008 жылғы мамырға дейін Senmore Limited компаниясының Бас кредит шарты аясында заңсыз жасалған 9 кредиттік шарт бойынша «БТА Банк» жалпы сомасы $98,6 млн кредит қаражатын берді.Банктің несие комитетінің 2007 жылдан бастап 2009 жылға дейінгі заңсыз қабылдаған шешімдері бойынша «Есентай Резиденшиал» ЖШС жалпы сомасы $199 млн несие қаражатын, оның ішінде $179 млн сомаға 2 аккредитив және $20 млн сомаға 6 кредит берді.
2012 жылдың тамыз айында ҚР Бас прокуратурасы Ботагөз Жәрдемәліге қатысты ҚР ҚК 176-бабының 3-бөлігі «а», «б» тармақтары бойынша «БТА Банк» АҚ қаражатын жымқыру дерегімен қылмыстық іс қозғады. Қыркүйек айында оған ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында жасалған ірі мөлшерде ақша ұрлады және әдейі қайтарымсыз несие берді деген айып тағылды. Қазан айында Жәрдемәліге іздеу жарияланды.
2013 жылдың шілдесінде «БТА Банкінің» бұрынғы басқарушы директорына бөтеннің мүлкін иемденді және ысырап етті деген жаңа айып тағылып, қамауға алуға санкция берілді.