Мәмбеталин жай ғана бейүкіметтік ұйым емес, саяси партия құрғысы келетінін атап өтті, себебі бейүкіметтік ұйымның сөзі өтімді емес. Ол қайда жүрсе де жақсы қолдау тапқанын айтты, бірақ биліктегі жоғарғы эшелоннан қолдау көрмеген. Оның сөзінше, ол Марат Тәжинге 2009 жылдың маусымында өз идеясын ұсынған. Оған идея ұнаған, бірақ осы мәселе бойынша Назарбаевпен кездесу қиын болатынын ескерткен. Мәмбеталин содан бері Тәжин оған хабарласпағанын мәлімдеді.
Елшінің Мәмбеталин өз партиясын тіркей ме деген сұрағына жаңа партияны тіркеу қиын болатынын, сондықтан өз жақтастарын тіркеліп қойған «Руханият» партиясымен біріктіруді ойлайтынын айтқан. Елшілік хабарламасында «Мәмбеталин шындығын айтса да, сақтыққа шақыратын бірнеше тұс бары» айтылған.
Біріншіден, «Табиғат» ҮЕҰ лидері Мэлс Елеусізов «жасылдар» партиясын құратынын ресми түрде хабарлап қойған және оған қолдау білдіруге болатын вебсайт ашқан. Екіншіден, Мәмбеталиннің АҚШ елшілігіне баруы шамадан тыс құпия болған. Ол әңгімелесу орнын Гарвард-клубта өткізуге тырысқан, себебі Қазақстан елшісі Ерлан Ыдырысовтың көзіне түскісі келмеген. Үшіншіден, Мәмбеталин Лондонда өткізген уақыты үшін, «ол бұрынғы премьер-министр
Әкежан Қажыгелдинмен және банкир
Мұхтар Әблязовпен байланысы бар-жоғын тексеру керек». Себебі екеуі де мол жинағын президент Назарбаевқа «демократиялық балама» жасауға жаратып жатыр".
«Руханият» партиясының негізін 1995 жылы Алтыншаш Жағанова қалады. 2003 жылы әділет органдарында қайта тіркеуден
өтті. 2004 жылы Мәжіліс сайлауының қорытындысы бойынша партия партиялық тізім бойынша 0,44% дауыс жинап, Парламентке өтпей қалды. 2007 жылғы
Мәжіліс сайлауында — 0,37% дауыс және тағы да Парламентке өтпеді.
2010 жылдың 16 наурызында партияның VII съезінде сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті Серікжан Мәмбеталин жаңа төраға болып сайланса, Алтыншаш Жағановаға «Руханият» партиясының құрметті негізін қалаушы атағы берілді. Осы съезде Мәмбеталин партияның «Жан экологиясы» атты жаңа саяси платформасын ұсынды.Мәмбеталиннің «Руханият» партиясына кіруі тікелей мағынасында қымбатқа түсті.