Боранбай жақтастар тобымен бірге өз қарсыластарының дербес деректерін, олардың мекенжайлары мен жұмыс орындарын тауып, арнайы барып, «маңызды әңгімелер» жүргізген бірнеше жағдай белгілі.
Мәселен, Алматы тұрғыны
Қайрат Байгереев (қазіргі уақытта Грузияда тұрады) соққыға жығылды, оны ұрып-соғу сәті түсірілген видеоны Боранбай өзінің парақшасында жариялады. Болған оқиғадан кейін Байгереев ауруханаға түсті.
Боранбай
Әлжан Ысмағұловты да «сөйлесуге» шақырған. Бірақ Боранбайдың айтуынша, ол пәтерден «шыққысы келмеген».
Алматылық Юлия Дорошенко да мұндай «әңгіме» құрбаны болуы мүмкін еді, оның жұмыс орны Боранбайдың парақшасында жарияланған.
Марғұлан Боранбай Алматыдағы қоғамдық тамақтану орындарының біріне келіп, сонда жұмыс істейтін шансон орындаушысы
Алямен «сөйлесуге» әрекет жасаған. Алайда бұл әрекеті сәтсіз болды. Аляның Facebook-тегі достары Боранбай мекеме есігінен масқараланып шыққанын жазды. Боранбайдың өзі бұл фактіні әлеуметтік желілерде жарияламауды жөн көрді.
2017 жылғы 17 желтоқсанда Марғұлан Боранбай Facebook-парақшасында желіде арандатумен кәсіби түрде айналысатын украиналықтардың әдістемесін жеке жазбамен жариялап, оларды «әріптестер» деп атады. Жарияланымда егер түрлі ұлт пен көзқарастағы адамдар бір-біріне жеткілікті түрде радикал болмаса, белгілі бір ұлт адамдарының жалған аккаунттарын жасап, басқа ұлт адамдарын осы басқа аттармен қорлау керегі жазылған. Оның айтуынша, ол осы әдістемеге аса риза болған. Боранбай бастаған адамдар тобы бұл әдісті үнемі қолданады, осылайша ұлтаралық араздықты қоздырады деуге болады.
Қарағандыда
2019 жылдың 1 қаңтарында атышулы кісі өлтіру оқиғасынан кейін Боранбайдың жақтасы Мейрам Қанапиянов ҚР қалаларындағы армян мейрамханалары мен өзге де мекемелерінің тізімі жарияланды. Ол қолданушыларынан тұратын қалаларындағы мекемелерді бұл тізімге қосуды өтінді. Бұл бастамасы «тәртіпсіздікке шақыру» ретінде қабылданып, ақырында солай болып шықты.
Бір топ адам «Оң. Правые» тіркелмеген партиясын құрды. Ашық интернет бетіндегі суреттерге, видеоларға және өтініштерге қарағанда топтың атауы, бағдарламасы, туы және символдары бар, видеоүндеу жазатын студиясы бары да анықталды. Өңірлерде филиалдарын құруды жоспарлаған немесе құрып қойған, халықтан ақша жинауды ұйымдастырып, кездесулерді жиі ұйымдастырып отырады. Германияның нацистік партиясы символдарын көп қолданып, жазалаушы фашистерді мақтауынан бұл партия ультраоңшыл ғана емес, сонымен қатар неонационализмді насихаттайтынын айтуға болады.
2018 жылдың желтоқсан айында «Время» газетінде Марғұлан Боранбай мен қызылордалық блогер Еркін Сәрсенбаевтың арасында «жекпе-жек» болмай қалғаны туралы
мақала шықты. Бәрі де Боранбайдың Алматыдағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябағының атауын өзгерту ұсынысынан басталған.
Содан кейін Сәрсенбаев өз парақшасында былай деп жазды: