«Тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары (Қазақстанда – еск.) үлкен қысымға ұшырайды және жабылып жатады, ал билік бейбіт наразылыққа мүлдем төзбеушілік саясатын ұстанады. Бұл кейінгі жылдары бірнеше рет байқалды: 2016 жылы жер реформасына қарсы наразылықтар барысында жаппай қамауға алу, сондай-ақ жер аударылған олигарх әрі Назарбаевтың жауы
Мұхтар Әблязовтің шақыруы бойынша наразылыққа шыққан демонстранттарды жаппай тұтқындау.
Үкімет тарапынан келіспеушілікке төзбеушілік абсурдқа жетті, шамасы, Астана өзінің көзқарасынан өзгеше көзқарас білдіретін кез келген адамға төзуден бас тартатын сияқты. Бұл іс жүзінде қоғамдық наразылықты сатқындықпен теңестіреді және кейінгі жылдары екі рет наразылықтар Назарбаевты құлату әрекеті ретінде ұсынылды: 2011 жылы мұнайшылардың ереуілі қайғылы жағдаймен аяқталған кезде қауіпсіздік күштері көпшілікке оқ жаудырған кезде, сондай-ақ 2016 жылы жер наразылықтары кезінде болды. Екі жағдайда да көптеген адам өте күмәнді айыппен түрмеге қамалды».