Денис Кривошеев
Денис Кривошеев

Денис Кривошеев

Жалпы мәлімет

Жалпы мәлімет

1977 жылы Петропавлда туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Журналист, блогер, сарапшы.

Кривошеев күресетін мәселе көп. Өзі ешқайда ресми түрде жұмыс істемегеннен «барлық мәселе бойынша сарапшы» олардың қайсын қаламақы үшін жазғанын және қайсын өз тұжырымдары бойынша жазғанын білу өте қиын. Алайда Кривошеевтың есімі аталған даулы оқиға жеткілікті.

Тарихы

Тарихы

Танымал журналист 2016 жылдың тамызында БАҚ өкілдері ішінде жалғыз болып сол кездегі премьер-министр Кәрім Мәсімовтің жұмыс тобына шақырылғанда таныла түскен. Кривошеевтің әріптестеріне бұл жағдай таңғаларлық болғаны соншалық, кейбір республикалық басылым «таңдаулымен» сұхбат жариялаған. Журналистердің қойған жалғыз сұрағы: неге Кривошеев?
«Бір министр айтпақшы, „Оларға ештеңе ұнамайды. Ешкімді алмаса — жаман. Біреуді алса — тағы да жаман“. Ал шынына келсек, Қазақстан экономикасының жағдайы уақыт өткен сайын түсінік талап ететіндей жағдайға бара жатыр. Мысалы, көптеген идея мен жоспар түсініксіз болды. Бірнеше сұрақты жазып, премьердің баспасөз қызметіне жолдап, сұхбат беруін өтіндім. Сұхбат аламын дегенге сену қиын еді. Бізде премьер-министр тек шетелдік және беделі басылымдарға сұхбат береді. Мен кіммін? Тәуелсіз журналист, түрлі министрлікті сынап жүретін журналиспін. Кенет Кәрім Мәсімовтің жұмысын өз көзіммен көру үшін шақырылдым! Өңірлерді тексеруге шақырылдым. Таңғалдым», — деп жауап берді Кривошеев сұраққа.

Кривошеев қазақстандық жоғары лауазымды шенеуніктерге ғана емес, ресейліктерге де бара алатын.

2018 жылы СҚО мәслихатының бұрынғы депутаты, блогер Ғалым Байтұқ Facebook желісіндегі парақшасында жақын арада Солтүстік Қазақстан облысының атауы өзгеруі мүмкін екенін жазды. Оның мәліметінше, бұл әңгіме Петропавлда өткен «Қазақстан-Ресей» форумында айтылған.
«Инсайд мәліметінше, Петропавлдағы Қазақстан-Ресей Форумының кулуарында, ресми делегация өкілжері арасында таяу арада Солтүстік Қазақстан атауын ауыстыру мүмкіндігі туралы әңгіме болыпты.

Олардың айтуынша, қарсылық болмаған, бұл қуанышты жайт. Кіші отаныма қандай атауы берілетінін білмеймін, мүмкін болса Қызылжар облысы деп атауды ұсынамын! Жараса ма? Жарасады!» — деп жазды Ғалым Байтұқ.

Денис Кривошеев өзі туған облыстың атауы өзгеруі мүмкін деген хабарламаға қатысты пікір білдірді:
«Шекарадағы XV форумында болдым, „Роскосмос“ бас директоры Дмитрий Рогозинмен кездестім, Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловпен кездестім, мұндай әңгіме естімедім».

Журналист «Петропавлда Қызылжар ауданы бар екенін» еске салды, ал атауын өзгерту экономикалық тұрғыда тиімсіз әрі шығыны көп болатынын айтқан.

Желідегі дау-дамай кезінде национал-патриоттардың бірі Кривошеевтің реакциясы Рогозинмен әңгімелесуінен кейінгі көзқарасы деген пікір айтты, тіпті Кремль үшін жұмыс істейді дегендер де болды.

Алайда Кривошеевтің қызметінен ресейлік әсерді ешкім де дәлелдей алмады, бірақ ресейшіл көңіл-күйі сарапшыға ауыр соққы боп тиді. Онымен ультраоңшыл националист Марғұлан Боранбай дауласа бастады. Боранбай «вата» және «сепарлар» деп, оларды жазалау керегін айтып, ашуын білдірген.

2018 жылдың қарашасында Кривошеев пен Марғұлан Боранбайдың дауы желіден «Эксклюзив» басылымының алаңына ойысты. Кейінірек Кривошеев өз ресурсында Боранбаймен әңгімесінің стенограммасын жариялады.
«Алғысөз. Қазақстандағы ең бір сұмдық нео-националистердің бірімен кездесуімнің стенограммасын жариялайын ба, жоқ па деп көп ойландым. Кезедсу 15 қарашада өтіп, санағымның бастауы болды. Желіде отырып, бірнеше нағыз экстремистің өзгеше ойлаушыларды іздеп тауып, арандатып, қорқытып, кейін өмірде тауып алып, жазалау ұйымдастыратынын көргеннен шаршап кеттім. Кез келген реакциялық көзқарасты, ұлтшылдықтың немесе төзбеушіліктің қандай да бір көрінісін құптамаймын. Қорлауды, біржақты тұжырым жасауды құптамаймын, дау өркениетті жолмен жүргені дұрыс, әйтпесе екі қатынның ұрысынан айырмашылығы жоқ. Тіпті қарсы тарап лайық болса да қорлауға бармаймын», — деп жазды журналист.

Кривошеевтің айтуынша, дау қарсаңындағы келісілген шарттар бұзылған, ал Боранбай видеосын өзіне ыңғайлы жағдай туғызып, монтаждап алған. Стенограммаға назар аударсақ, қос тарап та бір-біріне ештеңе айта алмаған, жеткізе алмаған. Қос тараптың да аргументі жоқ болған, сөйтіп Боранбай Кривошеевті «мысымен басып», бұрыннан айтып келе жатқан әңгімелерін қайталаған.

Кривошеевтің басынан «ыңғайсыз шындық» айтқаны үшін сотқа сүйреген жағдай да өткен. 2016 жылдың сәуірінде Жанболат Мамай басқарған «Трибуна» газеті «Алматыжарнама» жарнама компаниясының директоры Сұлтанбек Сыздықовтың тағайындалуы туралы «„Коррупционер“ возглавит „Алматыжарнама“?» деген тақырыппен мақала жариялаған.

Сыздықов бұл жарияланымға басымен беріліп кеткені сонша, газеттің үстінен шағым түсіріп, авторы Денис Кривошеевті сотқа сүйреген. Сот шағымды қанағаттандырып, газет иесі «Қалам» ЖК, бас редактор Жанболат Мамайды және блогер Денис Кривошеевті Сұлтанбек Сыздықовқа 5 млн тг төлеп беруді міндеттеген.

Алайда Мамай белгісіз бір себептермен бұл ақшаны төлеп беруден құтылып, бәрін Кривошеев өз мойнына алған. Сол оқиғалар туралы Кривошеев былай еске алып, сөйлегені бар:
«Мамай бастаған қазақстандық оппозиция сұмдық. Өз адамдарын сатып кететін адамға қалай сенуге болады? Бір шенеуніктен сотта жеңіліп қалғанымызды еске салайын, сол кезде бізге шығын ретінде 5 млн тг төлеу міндеттелген. Мамай сотта жексұрын әрекетімен көзге түсті, сот мінберін трибуна көріп, ақша төлемейтінін мәлімдеді, сондықтан шығынды өтеуді мен қолға алып, ақша жинадым. Ақшаның басым бөлігі жиналғанда оның әйелі, газет редакторы Инга Иманбай келіп, жиналған қаражаттың бір бөлігін баспаға ақша жоқ деп сұрады, бұл қаражатты қайтарып, үстінен тағы қосып беремін деп уәде етті.

Өздеріңіз түсініп отырғандай, өтірікші Мамайлар ақшаны қайтармады, абырой болғанда бизнесмендер қолдап, Мамай алып кеткен ақшаның орнын толтырып, қалғанын да қосып берді. Ол қарыз қайтарғысы келмейді, осыдан-ақ кредиттің рақымшылық туралы әңгіме шығып отыр. Жанболаттың былжыраған естіген жұрт банктер мен микроқаржы ұйымдарына барып, кредит алады да, қашан кешіреді екен деп күтіп жүр. Солай болды ғой. Бәрі осыған сеніп, 2,5 миллион адам кредитін төлемей жүр. Ол да өзге көтерілісшілер сияқты бөтеннің ақшасын оңай иемденіп алады».

Ал осы кезде Сыздықов былай деп мәлімдеді:
«Бар мақсат Денис Кривошеев маған жала жапқанын дәлелдеу болды. Бұл сотта дәлелденді. Ал шығынды „АРДИ“ мүгедек балалары бар ата-аналардың қауымдастығына беруді ұйғардым, себебі оның қызметін жақсы білемін. Әлеуметтік желілер мен ақпарат технологиясының дамып жатқан заманында өмір сүріп жатырмыз, кейбіреулер осыны пайдаланып, ақпарат соғысымен айналысады. Айтқым келгені, ештеңеден қорықпай, бәрін менің жағдайымдағыдай құқық алаңында шешіңіздер».

2018 жылдың тамызында Алматының № 2 Алмалы аудандық сотына «Эйр Астана» АҚ-дан блогер Денис Кривошеевтің үстінен іскерлік абыройды қорғау ісі бойынша арыз түсті. Әуе компаниясының өкілдері «Эйр Астана» мемлекет субсидиясымен жұмыс істейді деген мәліметті жоққа шығаруды және іскерлік абыройына нұқсан келтірді деп тануды, сонымен қатар Кривошеевті бұл мәліметті жоққа шығаруды міндеттеуді сұрады.
«Әйр Астана менің үстімнен арыз түсірді, шағымының не туралы екенін әзірше білмеймін, бірақ, қорқытқысы келген сияқты. 208-бап бойынша үш іс қатарынан қаралып жатыр, олар бойынша мен куәгер ретінде тіркелгенмін. Бар ойлағаны — олардың қызметі туралы жедел мәліметтерді қайдан алатынымды білу. Бұл — шындық айтқаным үшін кек алу. Компанияда шын мәнінде не болып жатқанын сіздерге айтып бергенім үшін», — деп жазды блогер Facebook желісінде.

2019 жылдың қаңтарында сот әуе компаниясының талабын ішінара орындады: үкім бойынша блогер ақпаратын жоққа шығаруы тиіс және 142 500 тг көлемінде сот шығынын өтеуі тиіс. Кейінірек қалалық сот Кривошеевтен барлық шағымнан босатты.

Денис Кривошеев «Эйр Астанаға» жүйелі түрде журналистік шағымын айтып отырса, басқа әуе тасымалдаушысына — Bek Air компаниясына блогер ыстық ықыласын білдірумен болған. 2019 жылдың желтоқсанында бұл компанияның ұшағы әуе апатына ұшырағанда да ол соңына дейін «кінәлі тараптың» жағында болды.27 желтоқсанда Bek Air әуе компаниясының Алматы — Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшағы кенет төмендеп, бетон қоршауды бұзып өтіп, екі қабатты үйді қиратқан. Апаттан 9 адам қаза тапты.

2020 жылдың қаңтарында Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр брифингте былай деп мәлімдеді:
«Зерттелген метеорологиялық ақпаратты және борттағы өзіндік жазу мәліметтері параметрлерін сараптауды ескере отырып, апаттың себебі әуе кемесінің мұздануы деген қорытындыға келдік».

«Қазақстан авиациялық әкімшілігі» АҚ эксплуатанттың сертификатын да, ұшуға жарамдылық сертификатын да тоқтатып, бұл шешімін кейінгі үш жылда әуе компаниясында екі ірі оқиға болғаны айтып түсіндірді.

Таңғаларлығы, журналист Кривошеев қоғамның сынына ұшырап жатса да, жазасыз қалады. Осындай жағдай 2019 жылы да болған, бұл кезде Алматыда қала орталығында зәулім ғимарат құрылысы мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау болған еді.

2016 жылы жер телімін 700 млн тг сатып алған «Exclusive Qurylys Kompaniiasy» ЖШС екі қабатты жерасты паркингі бар 60 пәтерге арналған тұрғын үй кешенін салуға ниет білдірген.
Ерекенов регламентті бұзғанда, оған қоғам белсендісі Денис Кривошеев жұдырық ала жүгірді. Ұстасып қалған екеуді ажырату үшін достары жиналды, абырой болғанда, екеуі төбелеспей, сөзге тоқтады.

Абай Ерекенов бұл жағдайды азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын қарастыратын Орхус конвенциясын бұзды деп санады. Денис Кривошеев Алматының орталық аудандарының тұрғындарын қала дамуына кедергі келтіретін сноб деп атады", — деп жазды БАҚ.

Ерекенов Кривошеевтің үстінен сотқа арызданбады, бірақ бұл оқиға желіде көп талқыланды.

Денис Кривошеевтің парақшасына көз жүгіртсек, кейінгі кезде оның Бозжыра шатқалында қонақүй салуды жақтап жазып жүргенін байқауға болады. Осыған ұқсас жазбаны тағы бірнеше блогер жазып жүргеніне қарағанда, бұл мәселе сарапшыға қаламақы үшін ғана қызық деуге негіз бар.