Инга Иманбай

Жалпы мәлімет

Жалпы мәлімет

1989 жылы Алматы облысы Райымбек ауданында дүниеге келген. Жанболат Мамайға тұрмысқа шыққан.

  • 2010 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-ды «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген. Соңғы курста «Жас Алаш» газетінде жұмыс істей бастады.
  • Сондай-ақ Stan TV, «Трибуна» республикалық қоғамдық-саяси газетінде жұмыс істеді.
  • 2017 жылдан бастап Инга Иманбай Адам құқықтары жөніндегі бюрода баспасөз орталығының үйлестірушісі болып жұмыс істеді. Саяси тұтқындар мен босқындар тақырыбымен де айналысты.

Журналист-оппозиционер-құқыққорғаушы

Журналист-оппозиционер-құқыққорғаушы

Инга Иманбай 2011 жылы «Халық майданы» белсендісі ретінде кеңінен танылды.
Анықтама: 2011 жылғы маусымда оппозициялық тіркелмеген «Алға» партиясының, Қазақстан Коммунистік партиясының және бірнеше ҮЕҰ басшысы «Халық майданы» қозғалысы құрылғанын жариялады. Оның қатысушылары өз кандидаттарын Қазақстан Коммунистік партиясы арқылы Парламентке ұсынатынын мәлімдеді. «Халық майданы» қатысушылары қазіргі режимді бағалауда саяси көзқарастары бір екенін айтып, өз кандидаттарын парламентке ұсыну нысанын түсіндірді.

Сондай-ақ, Олар Мұхтар Әблязовтің саяси мәлімдемесін таратты, онда ол қолданыстағы режимді өзгерту керегін мәлімдеген. Алайда олар Мұхтар Әблязовтің бұл мәлімдемесі мен «Халық майданы» қозғалысының құрылуы арасындағы байланыс жоқ дейді.
Сол жылдың 13 қыркүйегінде БАҚ Инга Иманбайға оппозициялық қозғалысының жастар қанатының белсендісіне бұзақылық шабуыл жасалғанын хабарлады. Белгісіз біреулер көшеде «Халық майданы — Народный фронт» қозғалысының белсенділері Инга Иманбай мен Мұратбек Оразға келіп, Инга Иманбайдың басына бояу тәрізді көк сұйықтық құйған. Мұратбек Ораз шабуылдаушыны ұстап алуға тырысқан, бірақ оны алыстан бақылап тұрған үш жігіт құлатқан.

Зардап шеккендердің айтуынша, құқықбұзушылардың фотороботы жасалып, жергілікті құқық қорғау органдары шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Қазақстанның Халық майданы» өкілдері шабуылдаушылардың әрекеттерін алдын-ала ойластырған деп санайды: бояу тез кебеді, ал тәртіп бұзушының сыбайластарына Ораз қарсылық көрсетуі мүмкін екені алдын-ала ескертілген.

Олардың қарсыластары да «шабуыл» мұқият жоспарланғанын айтқан, бірақ олар бұл әрекетті белсенділердің өзі келісе отырып жасады деп тұжырымдады. Олар бұл сөзіне мынадай дәйек келтіреді: оқиға орнында фотограф дер кезінде табыла қалған. Бояу шашылған Инга Иманбайдың суреттері қазақстандық және шетелдік БАҚ-та тез тарап кетті, осылайша халықаралық сарапшылар азаматтық белсенділерге жасалған шабуыл туралы айта бастады.
Иманбай Инга Ерғайыпқызы
Иманбай Инга
2012 жылдың ақпан айында Инга Иманбай қоғамға Жанболат Мамайға әлеуметтік алауыздықты қоздырды деген айып тағылғанын хабарлаған болатын. Ол оның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматыдағы департаментіне шақырып, айып таға отырып, ешқайда кетпеу туралы қолхат беруге мәжбүрленгенін мәлімдеді. 23 қаңтарда Жанболат Мамайдың пәтерінде тінту жүргізілді. Сол күні «Халық майданы» оппозициялық қозғалысының белсендісі Жанболат Мамай Алматы ҰҚКД-ға жауап алуға шақырылды.

Инга Иманбайдың қызметі оның күйеуі Жанболат Мамайдың жұмысымен тығыз байланысты. Ол оған митингілер ұйымдастыруға көмектесті.

2012 жылдың ақпан айында Алматыда Жанболат Мамай ресейлік ұлтшыл, ресейлік «Заңсыз иммиграцияға қарсы қозғалыстың» (ТБКК) құрушысы Александр Поткинмен («Белов») кездескені белгілі. Мұхтар Әблязовтің тапсырысы бойынша Поткин Этносаралық қақтығыстарды ұйымдастыру арқылы Қазақстандағы ішкі саяси жағдайды тұрақсыздандыру мақсатында «Ашулы қазақ» жобасын әзірледі деген нұсқа бар. Қазақстан тарапынан жобаға Мамай жетекшілік етуі тиіс еді.

Поткин тіпті Қазақстанның жас ұлтшылдарына арналған тренинг өткізіп, Мамай іс-шараны Қазақстан тарапынан ұйымдастырушылардың қатарында болды. Тренинг сол жылдың наурыз айында Шолпон-атада, Ыстықкөл жағалауындағы қонақүйде өтті. Мамайдың өзі Қырғызстанға бара алмады — ол кезде Жаңаөзендегі оқиғаларды тергеуге байланысты ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған және сондықтан топты Инга Иманбай басқарған.

Өткізілген тренинг туралы есеп Интернеттің қазақстандық сегментінде кеңінен таралды. Желіге тарап кеткен ақпаратқа сәйкес:
«...Тренинг тақырыбы өте қатаң болды. Мұнда олар ұлтшыл идеология туының астына наразылық білдірген жастарды қалай жинау керегін түсіндірді. Олар наразылық акцияларын ұйымдастыру және өткізу тактикасын, полицияны күш әрекеттеріне итермелеуге, "бейбіт" акцияны тәртіпсіздіктер мен қиратуға ауыстырудың тәсілдерімен таныстырды... Сонымен қатар жастар бригадаларын жинау үшін әлеуметтік желілерді қалай пайдалану керегін үйретті. Конспирология әдістері де талқыланған…».

Орыс ұлтшылдарының «Ресей орыстар үшін!» деген ұрансөзіне ұқсас өздерінің қазақ әріптестеріне «Қазақстан қазақтар үшін!» ұранын ұсынды.

Инга Иманбай өзін құқыққорғаушы және тәуелсіз журналист ретінде таныстырады.Алайда оның құқық қорғау қызметі тек Адам құқықтары жөніндегі халақыралық бюрода жұмыс істеумен ғана шектеледі. Мысалы, бюро Алматы облысындағы Жауғашты колониясындағы күш құрылымдарының өкілі зорланған транс-әйел Виктория Берікқожаеваға (Кәрімжан Берікқожаев) қолдау көрсетті.

Бұл туралы хабарламаны 2019 жылғы 25 шілдеде Адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның Қазақстандық өкілдігі таратты. Құқыққорғаушылардың айтуынша, қыздың өзі болған оқиғаны жариялау үшін прокуратураға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке жүгінуге мәжбүр болған.
«Виктория жәбірленуші, ал құзырлы құрылымдардың қызметкері делінген адам күдікті деп танылды. Азаптау құрбандарын қорғау коалициясы оған адвокат берді, оны Берікқожаева сараптама барысын бақылауда ұстауды өтінді, өйткені оған нәтижелерді ауыстырып жіберу қаупі төніп тұрды, олай болса ол ештеңені де дәлелдей алмайды», — деді сол кезде «АҚЖҚБ құқыққорғаушысы» Инга Иманбай.

2020 жылдың қазан айында Алматы облысында трансгендер Виктория Берікқожаеваны зорлау ісі бойынша үкім шығарылды. Сот үкімімен сотталушыға нақты 5 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот шартты жаза немесе неғұрлым жеңіл жаза тағайындау үшін негіздерді қарастырған жоқ. Сотталушы майор арнаулы атағынан айырылған. Берікқожаеваның өзі аса ірі мөлшерде бопсалағаны үшін жазасын өтеп жатыр (7 жыл бас бостандығынан айыру).

2020 жылдың 1 наурызында Инга Иманбай Алматы облысы Қарасай ауданы Қырғауылды ауылындағы үйден шығаберісте бір топ адам оны және күйеуін ұстау әрекеті болғаны, содан кейін жарақатпен ауруханаға жеткізілгені хабарланды. Бұл туралы Жанболат Мамай мәлімдеді.

Оның айтуынша, келгендердің бірі оқиғаны түсіріп тұрған смартфонын Инганың қолынан жұлып алуға тырысқан. Инга Иманбайдың сөзінше, жанжал кезінде біреу оны итеріп жіберіп, басымен темір қақпаға соғылған.

Мамай бұл оқиғаны сол кезде жүкті болған әйеліне шабуыл деп санайтынын айтты. Зардап шеккен әйелін жедел жәрдем Қаскелең қаласындағы ауруханаға жеткізді. Оған «миы шайқалған» деген диагноз қойылды.

Сол күні Алматыда санкцияланбаған митинг өтті, онда жиналғандар белсенді Дулат Ағаділдің өлімі туралы іс бойынша «шындықты ашуды» талап етті.

«Әділ соз» ҮЕҰ Иманбай жайында ақпаратты «Журналисты в беде» қорына жіберді, ол өз сайтында «өлімге әкелмейтін шабуыл, ұрып-соғу, жарақат салу, азаптау» деп кейс орналастырды.

2020 жылдың 10 қаңтарында Иманбай «Жас Алаш» газетінің бас редакторы болып Руслан Ерботаның орнына келеді.

«Жас Алаш» газетінің негізін қалаушы — Салтанат Атушева, 2006 жылы қаза тапқан оппозиция жетекшісі Алтынбек Сәрсенбаевтың жесірі. Бас редактор ауысқаннан кейін газеттің жаңа нөмірі шықпады. Басылым журналисінің айтуынша, осылайша журналистер кадрлық өзгерістерге наразылық білдіргісі келген.
«8 қаңтарда құрылтайшылар бас редактор Руслан Ерботаның орнына Инга Иманбайды тағайындады. Ұжым басшылықтың ауысуына қарсы болды және сондықтан жаңа саны шықпады. Жұмыс көңіл-күйі болмады. Осылайша олар өз наразылығын көрсеткісі келді», — деп жазды наразылық білдірген «Жас Алаш» журналисі Оралхан Дәуітов.

Инга Иманбай өзінің тағайындалуына қатысты сөйлей отырып, газет «әрқашан шындықты, тәуелсіздікті, әділ ақпаратты бейнелейтін жалғыз қазақ тілді тәуелсіз баспасөз болған» деп атап өтті.

Иманбай «ең басты мақсат – газетті жаңа деңгейге көтеру, әділдіктің тірегі болу» екенін, бірақ тағайындалғаннан кейін бір жарым айдан соң басред қызметінен кеткенін атап өтті. Ол жұмыстан босатылуын биліктің қысымы деп түсіндірді.
«Біз редакциялық саясатты түбегейлі өзгертіп, Назарбаевтың отбасы және оның өзі туралы өткір материалдарды басып шығара бастадық. Менің Жанболат Мамайдың жары болуым биліктің Алтынбек Сәрсенбайұлының отбасына күшті соққы беруіне себеп болды. Бейсенбі күні Салтанат Атушевамен, Алтынбек ағамен және жиені Нұрлан Сәрсенбай әңгімелестім. Олар маған Сәрсенбаевтар отбасының жақын туысына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын және егер олар бір шартты орындамаса: мені басред қызметінен алып тастасын деп қорқытқанын хабарлады. Атушева дилеммаға тап болды: мені жұмыстан шығармау немесе туысқаны қашан қамалатынын күту. Қорқытып, Лондоннан ұшып келуге мәжбүр болды. Бейсенбі күні оларға бір бөлімнің генералдары сол күні жұмыстан босатуды талап ету үшін немесе туысын қамауға алу қаупі болады деп қорқытып, келіпті», — деп жазды Иманбай әлеуметтік желілердегі парақшасында.

Алайда Nege.kz интернет-басылымы Иманбай сынақ мерзімінен өтпегендіктен жұмыстан босатылып, газетті «демпартия парақшасына» айналдырғанын хабарлады. Оның орнына Қайрат Мәтреков редактор болды, ол бұрын «ҚазТАГ» және 365info.kz басылымдарында жұмыс істеген.

2021 жылғы 10 қаңтарда парламенттік сайлау күні Инга Иманбай Platon.asia ақпараттық-талдау порталына Алматыдағы Тәуелсіздік монументі маңында оппозициялық митингілер қалай өтетінін айтып берген.
«Бүгін сағат 12:00-де Демократиялық партияның көшбасшысы Жанболат Мамай мен Oyan, Qazaqstan ұйымы Алматы қаласындағы Тәуелсіздік алаңында митинг жариялады. Біз ескерткішке бара жатқанда бізді әскерилер қоршап алды. Төрт сағаттан астам уақыт бойы бізді жібермей отырды. Қазірдің өзінде құқыққорғаушылар мұны азаптау деп бағалап, прокуратураға арыз жазды», — деп мәлімдеді Иманбай.

Иманбайдың хабарына қарағанда, арнайы жасақ Демократиялық партияның жақтастарын бір шеңберде, ал Oyan, Qazaqstan ұйымының жақтастарын басқа шеңберде ұстаған. Наразылық білдірушілердің бір-біріне жету мүмкіндігі жоқ.
«Біз соңына дейін тұрамыз. Біздің барлық қолдаушымыз босатылғанша. Біз тұрып, жағдайды қадағалаймыз. Алдағы оқиғалар қалай өтетінін білмеймін. Мүмкін бізді 16 желтоқсанның соңына дейін ұстайтын шығар», — деді Иманбай.