Қазақстандағы қаңтар оқиғаларына дейін Айгүл Павел тұтқындалған немесе сотталған ҚДТ жақтаушыларын белсенді түрде қорғады. Алайда, 2022 жылғы қаңтардағы бүліктен кейін ол тәртіпсіздіктерге қатысқандарды қорғауға көшті.
Сондай-ақ, Айгүл Павел күн сайын Людмила Козловскаяның жарияланымдары мен
Бота Жәрдемәлінің жазбаларын бөліседі, бұл жазбалардың мақсаты – Қазақстан билігінің беделін түсіру.
2022 жылғы қаңтардың алғашқы күндерінде Қазақстанда газ бағасының көтерілуіне байланысты бейбіт наразылықтар басталды. Бұл бүкіл елдегі жаппай тәртіпсіздіктерге ұласып кетті. Алматыда өте күрделі жағдай қалыптасты, онда мыңдаған адам дүкендерді, мейрамханаларды, банктерді талқандады, әскерилер мен полицейлерді ұрып-соғып, көліктерін өртеп жіберді.
Бүлікшілер қалалық әкімдік ғимараттары мен Президент Резиденциясын басып алды.
Ресми мәліметтер бойынша, 22 қаңтардағы жағдай бойынша кем дегенде 225 адам қаза болды, оның ішінде 19 қауіпсіздік қызметкері. ҚР Бас прокуратурасы 819 қылмыстық істі тергеді: терроризм актілері бойынша — 45, жаппай тәртіпсіздіктер бойынша — 36, кісі өлтіру фактілері бойынша — 15 дерек. Басқа істер тонау, ұрлық, қару ұрлау және билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық жасауға байланысты басталды.