1967 жылы 21 қаңтарда Гурьев облысы Мақат ауданында дүниеге келген.
1991 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «заңгер» мамандығы бойынша бітірген, техника ғылымдарының кандидаты.
Еңбек қызметі: - 1991 — шебер, «Запказэнерго» АҚ СМУ прорабы.
- 1992 — «Одиссеус» ХЖӨ директорының орынбасары.
- 1992 — «Аяжан» ЖШС директорының орынбасары.
- 1992 — «Шат» мұнай компаниясының директоры.
- 2001 — «Батыс-Мұнай» БК директоры, «Трансмарс» ЖШС директорының орынбасары.
- 2001 — Ақтөбе облысының Тәртіптік кеңесінің мүшесі.
- 2001 — «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
- 2002 — «Казвнешмаш» компаниясының Атырау өңірлік филиалының директоры.
- 2003 — Атырау облыстық мәслихатының хатшысы.
- 2005 — Атырау облысы әкімінің орынбасары.
- 2006 ақпан-қазан — Атырау әкімі.
- 2006 жылдың 4 қазанынан 2012 жылға дейін — Атырау облысының әкімі
ҚР Парламенті Мәжілісінің II шақырылымының депутаттығына кандидат (2003, қосымша сайлау), Атырау облыстық мәслихатының депутаты (09.2003-02.2005).
«Асар» партиясы Атырау филиалы кеңесінің мүшесі (2004-2006), «Отан» партиясы Атырау қалалық филиалының төрағасы (08.2006) болды.