Абзал Құспанның қорғауында шенеунік қызметін қылмыспен қатар атқарып жүрген мемқызметші де болды. Әңгіме Батыс Қазақстан облысы Спорт басқармасының экс-басшысы Мүсілім Оңдағанов туралы.
2013 жылы ол «Тайпақ» ҰҚТ құрғаны үшін, бюджет ақшасын жымқырғаны үшін (Оңдағанов жалған іссапарлар рәсімдеп, спорт командаларынан ақша жинаған) 12 жылға сотталды.
Қылмыс әлеміндегі қабілеті туралы Мүсілім Оңдағанов өзі де айтқанды ұнататын. 45 жасына орай өз тапсырысымен түсірткен деректі фильмде Тайпақ ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жас бапкерінің бастамашыл әрі атаққұмарлығының арқасында 1990-жылдары Оралдағы криминалдық әлемдегілер назарына түскен. Фильм авторлары Оңдағановтың абыройын Оралтағы барлық топ мойындаған, «бірақ ол ресейлік рэкеттермен бетпе-бет келіп қалған». Олар Батыс Қазақстан облысындағы пайдалы рудаларға қызыққан. Сол кезде Оңдағанов «туған өлкесін қорғап шыққан», «ресейлік криминалға қарсы тұрып», төрт рет кісі өлтіруге оқталғандарға төтеп бере алған.
Мүсілім Оңдағанов қылмыстағы ісімен қатар самбодан жас палуандарды жаттықтыра берген.
2002 жылы Оңдағанов Батыс Қазақстан облыстық спорт басқармасының басшысы қызметіне келген. 2008 жылы Орал әкімінің орынбасары болып, құқық қорғау органдарының жұмысына жауап берген.Спортшы әкімдікте ұзақ жұмыс істей қоймады, үш айдан кейін
жұмыстан кетті. «Уральская неделя» газетінің бас редакторы Лұқпан Ахмедьяров оның кетуін жуырда өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысымен
байланыстырды, онда Нұрсұлтан Назарбаев ҰҚТ лидерлері ретінде полиция есебінде тұрғанына қарамастан, лауазымдарды иеленген шенеуніктер туралы айтқан еді.
2012 жылдың сәуірінде Ахмедьяровтың «Уральская неделя» бас редакторына үйінің маңында
шабуыл жасады. Бірнеше адам оның кеудесіне сегіз пышақ жарақатын салып, травматикалық тапаншадан екі рет оқ атқан. Тергеу мәліметтері бойынша, қастандық ат спорты түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Нұрлан Тахамбетовтің тапсырысы бойынша жасалған, ол — Оңдағановтың
«оң қолы». Журналисті өлтіруге оқталғаны үшін сот Тахамбетовты 14 жылға бас бостандығынан
айырды. Оның төрт серіктесі 11 жылдан 14 жылға дейінгі мерзімді алды. Оңдағановтың журналиске қастандық жасалуына қатысы бар-жоғы сол күйі тергелмеді.
Мүсілім Оңдағанов 2013 жылдың сәуір айының соңында
қамауға алынды. Одан бір апта бұрын сот оның оқушысы Қоныс Жетпісовті бюджеттен 8 млн тг жуық теңге ұрлады деген күдікпен қамауға алған еді. Осыдан кейін қауіпсіздік қызметкерлері «Тайпақ» ҰҚТ құрамына кірген өндіріс ошақтары мен оның серіктестерін құрықтау ісіне кірісті, олар 2008 жылдан 2013 жылға дейін 170 млн тг астам ақшаны ұрлап әкеткен схеманы ұйымдастырған.
2014 жылы сот Оңдагановты сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену және ысырап ету, ҰҚТ құру және оған басшылық ету, сондай-ақ қызметтік жалғандық жасады деген айыппен 12 жылға қатаң режимдегі колонияға соттады. Кейін оның мерзімі 9 жылға және 9 айға бас бостандығынан айыруға қысқарды.
Бірақ күтпеген жерден Оңдағанов 2020 жылдың 13 тамызында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, бірақ алты күннен кейін ол қайтадан
ұсталды. Бұған Бас прокуратураның тексерісі себеп болды, ведомство сотталған шенеунік әлі күнге дейін мемлекетке 67 млн тг астам қарыз деп
санайды.
Алайда Оңдағановтың адвокат Абзал Құспанның бұл мәселеге қатысты өз пікірі болды. Ол өз клиентінің ұсталуы мен Қазақстан президенті Тоқаевтың сыбайлас жемқорлық жасаушыларды мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы мәлімдемесі бірге шыға қалуына назар аударды.