«Сәлеметсіздер ме, құрметті достар! Менің атым Дана Орманбаева. Мен — журналиспін, Қазақстан Республикасының ТВ-сында жұмыс істеймін. 30 жастамын. Менің үлкен ұлым Бексұлтан 9 жаста. Ол сап-сау бала, мектепте жақсы оқиды, әртүрлі бағыттарды ұнатады: компьютерлер, музыка, кино, кітаптар, жануарларды жақсы көреді. Кішкентай бала, оның аты Ислам, ол 7 жаста, аутизммен ауырады. Туған алғашқы күнінде-ақ перзентханада педдиатрларға жаңа туған нәрестенің меңі мен бассүйегінің тігістері ұнамай қалған. Бірақ жергілікті докоторлардың емі тек церебролизин, диакарб және басқа дәрі-дәрмектер сияқты дәстүрлі препараттардан тұрды.
Бір сөзбен айтқанда, 1 жас 10 айында бала өз бетінше дамып кете алмады, оны Мәскеуге профессор Бондаренко Евгений Сергеевичке апардым. 1,5 жыл бойында осы маманға барып жүрдік. Медикаментозды шабуылдардың арқасында Ислам 2,5 жасына жақсы дами бастады. Бұл біздің бірінші жеңіс еді!!! Бүгін, ұзаққа созылған 7 жылдан кейін, артта төккен көз жасымыз қалғанда мынаны сеніммен айта аламын: „Бұл бала дәл менде, дәл осы ананың үйінде туғанына бақыттымын!!!“».