Барлық Меңдіғазиевтің өмірі
Мұхтар Әблязовтің криминалдық оқиғасын қайталайды. БҚО-лық кәсіпкердің масштабы, әрине, оған жете алмайды, бірақ бар қылмыстық қызметі «оппозицияға» барып тірелді.
Қалай айтқанда да, бұл өңірдегі оппозиция бизнес-мәселелерді шешу әдісімен тығыз байоанысты. Мысалы Лұқпан Ахмедияров басқаратын «Абырой» ҚҰ. Абыройлықтарды шенеуніктер мен бизнесмендерге қатысты тапсырыстар үшін қаламақыны өтеп жатқан оппозициялық «торпедо» десек, өңір масштабында Меңдіғазиев мини-Әблязов болып шықты.
Барлықбек Қабжанұлының есімі бүкіл Қазақстанға 2015 жылдың соңында, Меңдіғазиев өз бизнесін еңбек ұжымының меншігіне беретінін жариялаған кезде белгілі болды. Ол компанияның құнын $40-50 млн-ға бағалады, кәсіпкер өзінің шешімін ұжымды тәуекелге ұшыратқысы келмейтіндігімен түсіндірді, өйткені ол қоғамдық қызметпен, атап айтқанда өңірдің экологиялық проблемаларымен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреспен айналысуға ниетті екенін айтқан, себебі бұл «қауіпті болуы мүмкін».
Ақсай қаласындағы кәсіпорында өткен баспасөз конференциясы барысында кәсіпкер компанияны ұжымның меншігіне берудің заңды рәсімі аяқталғанын хабарлады. Меңдіғазиевтің айтуынша, қызметкерлер — оның бұрынғы компаниясының толыққанды акционерлері.
Алайда, «KSS Building» ЖШС Бас директоры Барлық Меңдіғазиевтің бұл әрекеті де екіұшты болды. 2016 жылдың күзінде TEDx Almaty конференциясында кәсіпкер тіпті спикер ретінде
сөз сөйлеп, «айналасындағы адамдардың талантын қалай ашатынын», «детальдарға назар аударатынын», өз атындағы «бизнес-табыстың құпиясын» және «нағыз халықтық IPO» іске қосу тарихын баяндады. Осындай дардай цинизм.