«Эхо» қоғамдық бірлестігінің сайтында тек 2017 жылға арналған есеп бар. Бұдан шығатыны, ҚБ өкілдері 10 ақпанда үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен жұмыс кездесуіне, 25 мамырда интернет СА форумына қатысқаны белгілі.
2 маусымда Парламент Мәжілісінде ақпаратқа қол жеткізу бойынша дөңгелек үстел өтті, оған «Эхо» ҚБ президенті Павел Лобачев қатысты. Сондай-ақ, ол 20 маусымда Бішкекте өткен терроризмге қарсы форумға, ал қарашада Косовода ЕҚЫҰ-ның ұзақ мерзімді халықаралық бақылаушыларын даярлау жөніндегі тренингке қатысты.
2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін «Эхо» қоғамдық бірлестігі LPRC-мен бірлесіп «құқық қорғаушыларды қорғау мақсатында азаматтық қоғамның күш-жігерін шоғырландыру» республикалық жобасын іске асырды. Жобаны Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі қаржыландырды.
Жобаның негізгі мақсаты ― Қазақстандағы құқыққорғаушылардың жағдайын жақсарту:
- құқыққорғаушылар жұмысындағы практикалық және құқықтық мәселелерді зерттеу
- құқыққорғаушыларды қорғауға қатысты заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан бағалау
- құқыққорғаушыларға құқықтық және ақпараттық қолдау көрсету
- құқыққорғаушылар жұмысының имиджін арттыру мақсатындағы қоғамдық науқан.