«Балиева ханым, 16 наурызда біз Астанада боламыз. Сізден біздің қатысуымызсыз қандай да бір сараптамаға рұқсат бермеуіңізді сұраймын, баланың анасы қасымда, бұл оның еркі. Біз әлі күнге дейін бала қайда екенін білмейміз, оның әжесі, тәтесі бізге мекенжай бермей отыр, біз туыстарына қоңырау шалдық, бірақ барлық телефоны өшірулі. Сонымен қатар, сіз бүгін баспасөз мәслихатында журналистерге БАҚ пен блогерлер үшін баланың тәтесімен кездесу ұйымдастырып, баланы журналистерге көрсеткіңіз келетінін айттыңыз. Біз бұған жол бермеуді, отбасымыздың өмір бойы онымен бірге болуын талап етеміз», — деді Азанов телефон арқылы сөйлеген сөзінде.