«Мен 2009 жылы Украинадағы соғыс Сочидегі Олимпиададан кейін бірден болады деп болжадым. Содан кейін қазір де, болашақта да Ресей Украина деп аталатын орыс жеріне әскер енгізуі керек деп санаймын. Бірақ Донецкте де, Луганскіде де емес. Тіпті Днепропетровскіде де емес. Бірден Киевке.
Әр нәрсенің де шегі болады. Егер Ресей Канадаға немесе Аустралияға әскер кіргізсе, мен үзілді-кесілді қарсы боламын. Бұл әлемдегі күш тепе-теңдігін бұзады. Бірақ Украина – Кремльдің ерекше қызығушылық аймағы. Егер біз қазір Киевті АҚШ, ЕО және Ресей Федерациясының мүдделері аймағы ретінде қарастыратын болсақ, ертең Смоленск, Ярославль немесе Костроманы БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да бірқатар халықаралық ұйым призмасы арқылы қарастыруға тура келеді. РФ азаматтары бұрыннан түсінуі керек, Украина мен Ресей бір, еті де, жаны да бір. Украинаны жеке мемлекет деп атай отырып, Воронеж немесе Белгород тұрғындарын шетелдіктер деп қабылдаумен пара-пар. Жүздеген жыл бойы бірге болу, ал екі онжылдықта Ресей мен Украинаның екі бөлек мемлекет екеніне сену – бұл заттардың табиғатына, логикасына, ерік-жігеріне және менталитетімізге табиғи емес», — деп жазды Тайшыбеков.