Sputnik Қазақстан колумнисі ― «Еуразиялық мониторинг» талдамалық зерттеулер орталығының директоры, саясаттанушы Әлібек Тәжібаев та қызық кейіпкер.
«Еуразиялық мониторинг» қазақстандық талдамалық зерттеулер орталығы 2014 жылғы тамызда құрылды. Ол өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті процестерді ой елегінен өткізу және Think Thank талқылау үшін құрылған сараптамалық диалог алаңы болды.
Ұйым қызметінің негізгі мақсаттары:
— халықаралық қатынастар саласында, Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың басым салаларында тәуелсіз талдамалық зерттеулер мен болжамдар, сараптамалық бағалаулар мен қорытындылар жүргізу;
— азаматтық қоғам институттарын дамытуға жәрдемдесу, ғылыми зерттеулерді қолдау, оның ішінде:
1. Мемлекеттер арасындағы екіжақты және көпжақты өзара тиімді ынтымақтастық үшін жаңа перспективалық үрдістер мен бағыттарды анықтау;
2. Екі ел үшін де неғұрлым перспективалы жобаларды әзірлеу;
3. Екіжақты қатынастарды және Еуразиялық экономикалық одақ ішіндегі қатынастарды дамытудағы саяси, экономикалық, әлеуметтік басымдықтарды бағалау.
Ұйымның қызметі мына бағыттарда жүзеге асады:
- Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерімен ынтымақтастық тақырыптары бойынша халықаралық конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, көрмелер ұйымдастыру және өткізу;
- анықтамалық, талдау, ғылыми әдебиеттерді (мерзімді өнімдер, кітаптар, журналдар және т. б.) басып шығару және сату;
- мүдделі тұлғаларға аналитикалық және сараптамалық қолдауды жүзеге асыру;
- Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде көпжақты және екіжақты ынтымақтастықтың өзекті бағыттары бойынша зерттеулер мен мониторинг жүргізу (екі ел халқының табысы мен өмір сүру деңгейі; жұмыс күші нарығын дамыту; кәсіпорындардағы әлеуметтік-еңбек процестері; әлеуметтік-демографиялық процестер).
Орталық жанынан қазақстандық, ресейлік және халықаралық сарапшыларды біріктіретін қамқоршылық кеңес құрылған.