«Мен денемен емес, жанмен жұмыс істейтінімді атап өткім келеді. Маған «ұлым 4 жаста, оның церебрал сал ауруы бар, не істеу керек?» деген сұрақ көп қойылады. Балалар кішкентай, олар өте бақытты, олар әлі ештеңе білмейді. Ал мен дәрігер емеспін. Церебрал сал ауруы – өте күрделі ауру. Әр көрініс өзінше. Мұндайда физикалық қалпына келтіру тұрғысынан барлығына бір кеңес бере алмайсыз. Мысалы, менде көптеген патологиялар бар, оның кесірінен талып қала беремін.
Бірақ дәрігерлер маған ешқашан жүре алмайсың дейтін. Қабырғадан ұстап, ұзақ уақыт жүргенім есімде. 6-7 жасқа дейін. Ал 9 жасымда тепшектен көтеріле алатын жағдайға жетіп, төбем көкке бір елі жетпей қалды. Осы қуаныш сезімі жақсы есімде – бұл мен үшін ерлік болды. Қолымнан келетінін сездім! Сондықтан бәрін де жеңуге болады! Бәрі жақсы болады!», — деді ол сұхбаттарының бірінде.