«Менің Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен шексіз дау-дамайларым болды. Оның басшылығы мені қасақана себептермен заңсыз шығарған. Мен өзімнің туған "Қайнар" университетіне оралдым, проректорлар мені қолхаттарға қол қоюға мәжбүр етті, онда мен саяси қызметтен бас тартуым керегі жазылған, атап айтқанда: митингілер мен наразылық акцияларына қатыспауым керегі жазылған, бірақ мен мұндай талаптарды орындаудан бас тарттым және университет сессияны тапсыра алмауым үшін маған барлық кедергіні жасады (ҚазҰУ-мен болған дау-дамайға байланысты мені бірінші семестрдің ортасында "Қайнарға" қайтарды, сол себепті мені емтиханға кіргізбеді).
Қаңтар айында мен ауыр апатқа ұшырадым, бетім мен басымды жарақаттап, Қалқаман емханасында бір айға жуық жатып қалдым, денсаулығымды қалпына келтіру үшін тағы екі ай қажет болды, бірақ тіпті осындай ауыр жағдайда да мені университетке шақырып, оқудан шығарылатынымды айтып, қорқыта бастады. Университеттегі жиналысқа ректордан басқа ЖОО-ның барлық жоғары басшылығы қатысты және олар менің өтінішке қол қоюымды талап ете бастады, онда емтихандарды толық ақшалай баламада қайта тапсыруға міндеттенеді екенмін!» — делінген үндеуде.