2020 жылдың сәуірінде Кабанюк деректі фильм түсірген
журналист ретінде айтыла бастады. Әңгіме — Жеңістің 75 жылдығына арналған «Жеңіс жаңғырығы» лентасы туралы. Фильмнің премьерасы 9 мамырда болады деп жоспарланған болатын, бірақ пандемия мен карантин шаралары енгізілуіне байланысты ол белгісіз мерзімге кейінге қалды.
Іздеу жүйелері «Ольга Шанталь» деп терсеңіз, елордада орналасқан MWR коуч-орталығы туралы мәлімет шығарады. Шанталь байланысатын адам ретінде көрсетілген.Кабанюктың әлеуметтік желілердегі парақшасында
shantal.kz сайтының адресі көрсетілген, онда «Shantal» эзотерикалық ілім мектебі туралы айтылады.
Нумеролог, космоэнергетика және эхотерика қызметтері ұсынылады. Ольга Кабанюк қазақстандықтарға 2020 жылдың күзінде Алматының ірі супермаркеттерінің бірінде болған жанжалдан кейін танылды.