Анықтама: Ақберен Елгезек 1980 жылы туған. Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары. Семей облысы Шұбартау ауданы Мәдениет ауылындағы Е. Рахмадиев атындағы орта мектепті бітірген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінің түлегі.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Т. Айбергенов атындағы «Серпер» жастар сыйлығының және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының, «Алтын қалам» қоғамдық сыйлығының иегері. «Қазақ әдебиетін қолдау» қоғамдық қорының жетекшісі. «Кентавр» ұлттық әдеби апталығының негізін қалаушы. «Көлеңкелер күбірі» атты өлеңдер жинағы жарық көрген. Иван Буниннің, Дмитрий Мережковскийдің, Варлам Шаламовтың, Владимир Высоцкийдің, Гийом Аполлинердің шығармаларын аударған.
2022 жылы қаңтарда ҚР президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы жаңартылған кезде оған Ақберен Елгезек кірді.