«Осы аптада Дос Көшіммен бірге „Қазақстан“ телеарнасына тіл саясаты бойынша сұхбат бердім. Эфирге шығу 16 маусымға жоспарланған. Шынымды айтсам, мен әңгімеге қанағаттанбадым. Мүмкін, тілді жетік білмегендіктен, мен мәселені терең талдап, талқылай алмадым.
Менің ойымша, біз әлі күнге дейін орыстандыру саясатына тосқауыл қоя алмадық. Теледидарда (әсіресе кабельдік немесе спутниктік) қазақ тілді контент 10−15%-дан аспайды, „Меломан“ дүкендерінде — ұлттық кітап жүйесіндегі жалғыз өнім — 95% - орыс тіліндегі ресейлік импорт. Ал орта мектептерде (мүмкін, автор орыс тілінде оқытатын мектеп дегенді айтқысы келген шығар — ред.) 1 миллионға жуық оқушының 270 мыңы қазақтар.
Алайда, Алматы және Астана мектептерінде кейде залда тек қазақтар қатысатынына қарамастан, іс-шаралар орыс тілінде өтеді. Сонымен қатар, тек қазақ тілін білсеңіз, ірі жеке компанияларда карьера жасай алуыңыз екіталай — басшылық мемлекеттік тілді түсінбейді (олар қазақтар болса да, бірақ „асфальт“ қазақтары) және сіздің қазақ тілінде дайындалған есептеріңізді немесе хаттарыңызды қабылдамайды», — деп жазды Домбай.