«247 миллион теңге жымқыру ісі естеріңізде ме, сол себепті маған қатысты қылмыстық іс ойлап табылған еді ғой? Ақыры бұл іс сотқа жетті. Мен – Бударов Антон Юрьевич, сол жымқыру ісі туралы хабарлағаннан кейін полиция маған қатысты іс қозғаған. Істі Әділ Салаев (репрессия бөлімінің бастығы) фабрикалаған, ал ол бұл істі Нашарбеков Абдулави Абдуллаевичтің басшылығымен жасаған.
Мен жағдай туралы қысқаша айтып берейін.
Ағайынды үш жігіт болған. Екеуі жемқор мусор (кешіріңіздер, бұл адамдарға қатысты жеке сұрағым бар, өз ісі үшін жауап беруі үшін барымды саламын), біреуі кәсіпкер-сымақ, үшеуінің де фамилиясы Нашарбеков. Аэрофототүсіріліммен мен осылардың үйін көрсеткенмін. Бір мусор кадрлық саясатты басқарады (ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ (АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ), сол мусор өз ақымақ бауырын (қазір тергеуде) басқа бөлімге жұмысқа тұрғызған (Процессингтік орталық). Олар тіпті процессингтік орталық дегеннің де не екенін білмеген сияқты, себебі бұл негізі полицейлер істейтін жұмыс емес, бұл жақта құжатпен жұмыс істейді және дені дұрыс ментке бұл жазалап істететін жұмыс, бірақ Нашарбеков та дені дұрыс карьера құрғысы келмегендей, әйтеуір бір жерде орналассам болды дегендей келген сияқты, әйтеуір ақымақ інісіне ағасының тауып берген жұмысы.
Бірааақ, олар айыппұлдан түсетін ақшаны қазынаға емес, өз қалтасына салды. Оған қоластындағы адам көмектескен (дәл осы адам видеода кісендеулі кетіп бара жатыр).
Қулығы асқан дымы жоқ, ақшаны алып, қалтасына салып отырған. БОЛДЫ. Бар жемқорлық схемасы осындай. Мұны тіпті жемқорлық деп те, БАҚ жазатындай айыппұлды «жылыстату» да емес. Бұл жылыстату емес, нағыз ұрлық!
Әрине, бұл схеманы Қанат Таймерденов те, Серік Күдебаев та білді. Оған қатысы да болды, 247 миллион деген сома да азайтып көрсетілгені. Сондай-ақ, бұл іске Жоғарғы Соттың судьясы да қатысты, ол туысы болып келеді, Қанат Таймерденов те 01-ге тура сондай туыс болып келеді.
Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін Нашарбеков Айдынның (процессингтік орталықтың бастығы) қоластындағы қызметкер қамалды, ал Нашарбековтің өзі қайда болды? Әрине, ұй қамауында. Ал оның бауыры Нашарбеков Абдували қызметінен алынды ма? Жоқ, әрине! Сол мусор Нашарбеков Абдували Абдуллаевич өз бауыры Нашарбеков Бақыттың (скриншотты қараңыздар) арызы бойынша маған қатысты жалған іс ойлап тауып отыр. Бабы: ҚР ҚК-нің 274-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы. Осы істі сосын парақорлардың жеке өміріне қол сұғу бабына алмастырғысы келді, ал бұл баппен мен 7 жылға түрмеге тоғытылар едім!
Мынадай сұрақ туындайды: бір жемқор үйінде демалып жатқанда, полицей болып жүрген ағасы іске араласып, қалайша жалған істер қозғайды?
Әділ Салаевқа келейік! Повестканы маған берген дәл осы адам, жалған іс бойынша қорғану құқығы бар куәгер ретінде мені іске тартқан дәл осы адам! (Салаевтың кабинетінде болған әңгіменің диктофонға жазылған аудиосы бар).
Осыған байланысты антикорға жазғанмын, антикордың жемқорлары жалған істерге араласатын құқығы жоғын айтып жауап берді, сосын прокуратураға жаздым, олар не істеді? Ештеңе.
Мені бір айдан бері аңдыды, малғұндар менің артымнан қалуы үшін құпия бөлімдегі жоғары лауазымды полицейдің үйінің маңындағы құпия пәтерге көшуіме тура келді, сол кезде ғана олар сыртқы бақылауды тоқтатты, бірақ әлі күнге жеке деректерді заңсыз жинау жалғасып келеді!
Маған қатысты іс САЯСИ негізде қозғалғандықтан, прокуратураның да, антикор мен ІІМ-нің де мені қорғауға ниеті болмауы осыны айғақтап отыр, сондықтан мен сотқа жүгінуіме тура келеді».