Анықтама: «Свободная Бурятия» қоры 2022 жылдың наурыз айында құрылды. Александрияда (Вирджиния, АҚШ) тіркелген. Қор Ресей Федерациясы шеңберіндегі Бурятияның үлкен тәуелсіздігін қолдайды.
Қорды құрған буряттар тобы Ресей Федерациясында мобилизация басталғанға дейін 2022 жылдың қыркүйегінде әскери қызметшілердің ата-аналарының өтініші бойынша Ресей Қорғаныс министрлігімен келісімшарттарын бұзуға көмектесті. Сонымен қатар, қор белсенділері жүйелі түрде бурят шенеуніктерінің тізімін жасайды, оларға қатысты санкциялар енгізу қажет деп санайды.
Қордың мақсаттарының бірі ― бурят бөлімшелері мен «бурят қатыгездіктері» туралы мифті жоққа шығару. Қордың негізін қалаушы, журналист Александра Гармажапованың айтуынша, Украинадағы буряттардың теріс беделі 2014 жылдан-ақ белгілі. Сонымен қатар, Гармажапованың өзі 2016 жылы Донбасста «жауынгер буряттардың» бар екендігі туралы жарияға жар салған алғашқы журналист болды, осылайша бұқаралық ақпарат құралдары үшін өзіндік тренд жасады.