Ескендір Ерімбетов пен оның үш әріптесі 2017 жылдың 13 қарашасында Алматыда ұсталды. Кәсіпкер «Sky Service» ЖШС бақылауындағы бюджет қаражаты арқылы бір миллиардқа жуық теңге ұрлады деген күдікке ілінді.
Бұдан басқа, Ұлттық бюроның ақпараты бойынша, Ерімбетов пен оның серіктестері қазақстандық сот төрелігінен шет елдерде жасырынып жүрген адамдардың қаржылық мүдделері үшін бірлесіп әрекет еткен.
Солардың бірі — Бельгияда жүрген Ерімбетовтің қарындасы Ботагөз Жәрдемәлі, сырттай сотталған Мұхтар Әблязовтің серігі және кеңесшісі. Ерімбетовтің әпкесі «БТА Банкінің» $ 500 млн-ға жуық сомаға көрінеу қайтарымсыз кредит беруіне жеке өзі қатысқан.
Sky Service компаниясы мемлекеттік және квазимемлекеттік кәсіпорындарға авиатехниканы жалға берумен айналысты. Тергеу Алматы облысының әкімдігінен басқа, Ерімбетов, Дмитрий Пестов, Василина Соколенко және Михаил Зоровтың қолынан зардап шеккендер тізіміне «Қазавиаорманқорғау», Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық санитарлық авиация орталығы, Азаматтық авиация академиясы, KEGOC компаниясы, «Евро-Азия Эйр» авиакомпаниясы сияқты мемлекеттік кәсіпорындарды қосты.
2018 жылдың қазан айында Ескендір Ерімбетов ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, сот Зоров, Пестов және Соколенкоға жаза тағайындады.